Экс-министр Біртановқа сот үкімі шықты


28/10/2022
17:07 25945 0

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары болған Олжас Әбішевке сот үкімі шықты. 

 

Астана қаласының Сарыарқа аудандық №2 cоты Елжан Біртановты 5 жылға, Олжас Әбішевті 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. 

 

- Сот Елжан Біртановты қылмыстық кодекстің 361-бабы 3-бөлігі бойынша санитарлық авиация ұшағын қолданғаны үшін кінәсіз деп таныды. Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, Біртановты 5 жылға бас бостандығын шектеуге, Олжас Әбішевке 4 жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды, - делінген сот үкімінде.

 

Олар пробациялық бақылаудан өтуі тиіс. Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметпен айналыса алмайды. Олжас Әбішев жазаның негізгі бөлігі аяқталғанға дейін 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылады.

 

Бұдан бөлек, ҚР ҚК 44-бабының 2-бөлігіне сәйкес, уәкілетті органға ескертпей тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орынын ауыстырмауы қажет. Жұмыстан тыс уақытта тұрғылықты жерінен басқа аймаққа баруға болмайды.

 

Елжан Біртановқа бастапқыда "мемлекет қаржысын жымқырды" деген айып тағылған. Кейіннен ол "лауазымын өкілеттігін теріс пайдалану" айыбына ауыстырылған. Олжас Әбішев "билікті асыра пайдаланды" деп айыпталған. 

 

 

 

Поделиться

Нет комментариев.

28/10/2022 17:07
25945 0

Уведомление